БАҚ ҮШІН ХАБАРЛАМА

 

Астананың маңындағы ең ірі көрмеде үздік бұқа анықталады

 

04.07.2025 ж.

 

Қазақстандағы №1 бұқа кім болады? Бұл сұраққа «Үздік бұқа» Ұлттық байқауы жауап береді. Байқау елдің басты аграрлық көрмесі – Jańa Dala / Green Day ‘2025 аясында өтеді.

Бас жүлде – «Абсолюттік чемпион» атанған қатысушыға берілетін жаңа YTO дөңгелекті тракторы. Қатысушыларды АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстаннан шақырылған тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы жетекші мамандардан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Абсолюттік чемпионды таңдау – кәсіпқой мал өсірушілердің қатысуымен өтетін жарқын әрі әсерлі байқаудың шарықтау шегі болмақ. Мерекелік бағдарламада – ауыл шаруашылығы жануарларының көрмесі және Ангус, Әулиекөл, Герефорд, Қазақтың ақбас, Қалмақ тұқымдары бойынша жарыстар, бұқашықтар аукционы, сондай-ақ стейк фестивалі – Black Angus, Qazaq Aqbas, QALMAQ Meat, Столичная трапеза брендтерінен шеберлік сабақтары өтеді.

Мал шаруашылығы бағытының мазмұнды бағдарламасы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі ең ауқымды көрме шарасының – Jańa Dala / Green Day ‘2025 арнайы демонстрациялық көрмесінің бір бөлігі болып табылады. Дәстүрлі аграрлық форум – Дала күні форматында – 2025 жылдың 17–18 шілдесінде Астанадан 20 км жерде орналасқан «Ақтық» АҚ демонстрациялық алқаптарында (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылы, Талапкер елді мекенінен кейін) өтеді.

Көрме 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және республикадағы ең ірі демонстрациялық алаң болып табылады. Мұнда заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, жоғары өнімді техника, сондай-ақ мал шаруашылығы, генетика және селекция саласындағы инновациялық әзірлемелер, ветеринария, агрономия, агрохимия және органикалық егіншілік бойынша жаңа шешімдер ұсынылады.

Jańa Dala / Green Day ‘2025 көрмесіне 20-дан астам жақын және алыс шетел елдерінен 200-ден астам компания қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені мен агробизнес саласының 5 мыңнан астам кәсіби мамандары келеді. Қазақстан мен әлем ауыл шаруашылығының өзекті әрі келешегі зор бағыттары «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «Егіншілік», «Мал шаруашылығы», «Тиімді гектар» бөлімдерінде көрсетіледі. Көрме аясында 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен кең ауқымды жоғары технологиялық жабдықтың таныстырылымы және көрсетілімі жоспарлануда.

Қазақстандық дала күні Jańa Dala / Green Day ‘2025 көрмесінде Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, сияқты әлемдік аграрлық өндіріс көшбасшыларының ұлттық павильондары ұсынылады. Сонымен қатар, Франция көрменің ресми серіктесі ретінде қатысады.

Іс-шараның қонақтары мен қатысушылары қатарында – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, Ақмола облысының әкімі, Франция, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Ресей Федерациясының кең өкілдігі, сондай-ақ облыстық және аудандық әкімдіктер делегациялары бар.

 

________________________________________________

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов, 8 701 460 91 82

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

https://expotime.kz 

https://t.me/jana_dala 

https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

 

 

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

«JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ВЕТЕРИНАРЛАР СЪЕЗІНІҢ БАС ДЕМЕУШІСІ "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ" ЖШС / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР СЪЕЗДА ВЕТЕРИНАРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ТОО "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ":

ТОО "Асыл Кокше Зооветснаб"


BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


“ТИІМДІ ГЕКТАР” БАЙҚАУЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ / ПАРТНЁР «РЕНТАБЕЛЬНЫЙ ГЕКТАР» HECTA SCOUT:

HECTA SCOUT


ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕМЕУШІ / ИНФРАСТРУКТУРНЫЙ СПОНСОР B2B GROUP:

B2B GROUP


ФИРМАЛЫҚ СӨМКЕЛЕРДІ ҰСЫНУШЫ СЕРІКТЕС / СПОНСОР ФИРМЕННЫХ ПАКЕТОВ KAZAGROEXPERT:


"Восток-1" ЖШС және "Агрофирма Қарқын" ЖШС алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях ТОО «Восток-1» и ТОО «Агрофирма Қарқын»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ/ ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ AGNIY:


«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕ-ДЕМОНСТРАЦИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСІ / ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПАРТНЕР СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ ВЫСТАВКИ-ДЕМОНСТРАЦИИ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025»:

Информационное агентство "Интерфакс-Казахстан"

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2025 ExpoTime. All Rights Reserved.