БАҚ ҮШІН ХАБАРЛАМА

Қостанай облысында 31 шілде мен 1 тамыз аралығында

өңірдегі ең ауқымды Дала күні өтеді.

25.07.2025 г.

2025 жылғы 31 шілдеде Қостанай облысында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісі мен агробизнеске арналған ең ірі өңірлік көрмелердің бірі басталады. Бұл – дәстүрлі Дала күні форматында өтетін «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясы. Іс-шара екі күнге созылып, 1 тамызға дейін жалғасады.

Көрме Қостанай облысы, Мендықара ауданы, Степановка ауылында орналасқан «Восток-1» ЖШС мен «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтеді (Қостанай қаласынан 65 км қашықтықта).

«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» — бұл шетелдік және отандық агробизнес өкілдері заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен жоғары өнімді техниканың мүмкіндіктерін, мал шаруашылығы мен селекциядағы жетістіктерін, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік салаларындағы инновациялық әзірлемелерді көрсететін дәстүрлі мереке. Көрмеге алыс-жақын шетелдерден 100-ден астам компания мен 3 мыңнан астам келуші қатысады деп күтілуде.

Көрме қатысушылары мен қонақтарының қатарында: машина жасау кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушілер, қазақстандық және шетелдік жеткізушілер, егіншілік пен өсімдік шаруашылығы салаларындағы аграрлық ғылым өкілдері, асыл тұқымды мал шаруашылығының мамандары болады.

Іс-шара Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың, облыстық әкімдік құрылымдарының, қаржы институттарының және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өтеді.

Фермерлер мен өңірдегі агроқұрылымдар үшін маңызды болатын негізгі іс-шаралар қатарында:

  • Заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының көрсетілімі: жер өңдеу, егіс жұмыстары, мелиорация және суару техникасы;
  • Мал шаруашылығына арналған техника мен жабдықтар;
  • Алдыңғы қатарлы селекциялық станциялар ұсынған жоғары өнімді әрі сапалы ауыл шаруашылығы дақылдарының тәжірибелік алқаптарын аралау. Іс-шараға «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС селекционерлері қатысады;
  • «Астық – 2025» халықаралық астық конференциясы. 2025/26 жаңа астық маусымы қарсаңында өтетін бұл ірі іс-шара 500-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен агротехнология, техника және жабдықтар жеткізушілерін бір алаңға жинайды. Конференция жұмысына Өзбекстаннан – «Узёгмойсаноат» май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысады.

 

  • Қазақстанның солтүстік облыстары (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола) ветеринар мамандарының республикалық слеті өтеді. Іс-шара аясында «Ветеринариялық қауіпсіздік пен өңіраралық өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелері» тақырыбында далалық кеңес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Қазақстанның Ветеринария палатасы;
  • Ауыл шаруашылығы техникасының жаңалықтарын таныстыру: 6-класс T500 астық жинау комбайны және ROSTSELMASH 2400 тракторы, Ресейлік «Алмаз» бірлестігінің КИП-14 ұсақтағыш катоктары және КЧД-5 чизель-дискілі культиваторлары, «АгроТехМенеджмент» компаниясының LiuGong LTH0735A телескопиялық тиегіштері, AGROMASH компаниясынан LOVOL тракторларының жаңа үлгілері, Weichai қозғалтқыштарымен жабдықталған Қостанай трактор зауытының жаңа «Кировец» тракторлары, AMAZONE мен AstanaAgroPartner ұсынған техника мен топырақ өңдеуге арналған жабдықтардың үздік нұсқалары, сондай-ақ отандық және шетелдік өндірушілердің өнімдері таныстырылады.
  • «NAVISTAR ASIA» ЖШС және «AGRO DRONE KZ» ЖШС ұсынған ауыл шаруашылығы дрондарының жұмысы көрсетіледі;
  • «Автодом Костанай» ЖШС ұйымдастыруымен жол талғамайтын көліктердің тест-драйвтары мен авто-мото шоу өткізіледі.

«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» қатысушылары ауыл шаруашылығы өндірісі мен агробизнеске қатысты тәжірибесімен, ақпараттарымен және технологияларымен бөліседі.

Айта кету керек, бүгінде «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» Дала күні тек кәсіби іс-шара шеңберінен шығып, бүкіл отбасы үшін арналған демалыс орнына айналды. Бұл — балалар мен ересектер үшін танымдық әрі пайдалы уақыт өткізуге арналған алаң.

Іс-шараның іскерлік бағдарламасынан бөлек, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының мүмкіндіктерін таныстырумен қатар, кең көлемді мәдени-ойын-сауық бағдарламасы да ұсынылады.

«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясының ұйымдастырушысы — АӨК саласындағы халықаралық көрмелерді ұйымдастыруда Қазақстандағы жетекші компаниялардың бірі — «EXPO TIME». Компания сондай-ақ сүтті мал шаруашылығы, ветеринария және мал азығын өндіру салаларындағы кәсіби семинарлар мен конференциялар өткізеді.

Толығырақ ақпарат:

🔗 https://expotime.kz

📷 https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

БАҚ назарына:

«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясына аккредитация басталды.

Өтінімдер келесі байланыс нөмірлері арқылы қабылданады:

«Jańa Dala / Green Day» Ақпараттық орталығы

📞 Ринат Тасбулатов: +7 701 460 91 82

📩 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. | Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

«JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ВЕТЕРИНАРЛАР СЪЕЗІНІҢ БАС ДЕМЕУШІСІ "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ" ЖШС / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР СЪЕЗДА ВЕТЕРИНАРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ТОО "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ":

ТОО "Асыл Кокше Зооветснаб"


BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


“ТИІМДІ ГЕКТАР” БАЙҚАУЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ / ПАРТНЁР «РЕНТАБЕЛЬНЫЙ ГЕКТАР» HECTA SCOUT:

HECTA SCOUT


ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕМЕУШІ / ИНФРАСТРУКТУРНЫЙ СПОНСОР B2B GROUP:

B2B GROUP


ФИРМАЛЫҚ СӨМКЕЛЕРДІ ҰСЫНУШЫ СЕРІКТЕС / СПОНСОР ФИРМЕННЫХ ПАКЕТОВ KAZAGROEXPERT:


"Восток-1" ЖШС және "Агрофирма Қарқын" ЖШС алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях ТОО «Восток-1» и ТОО «Агрофирма Қарқын»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ/ ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ AGNIY:


«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕ-ДЕМОНСТРАЦИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСІ / ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПАРТНЕР СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ ВЫСТАВКИ-ДЕМОНСТРАЦИИ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025»:

Информационное агентство "Интерфакс-Казахстан"

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2025 ExpoTime. All Rights Reserved.