БАҚ ҮШІН ХАБАРЛАМА

«Jańa Dala / Green Day ‘2025» көрмесінде алғаш рет Starlink спутниктік интернеті қолданылады

                                                                                                                        14.07.2025 ж.

 

2025 жылғы 17–18 шілде күндері Қазақстанда өтетін «Jańa Dala / Green Day ‘2025» арнайы көрме-демонстрациясында спутниктік Starlink интернеті пайдаланылатын болады.

 

Starlink терминалын «Qazaq Aqbas» республикалық палатасы орнатады. Бұл интернет жүйесі қазақтың Ақбас тұқымды ірі қарасы бойынша өтетін плембұқалар аукционы мен «Ең үздік бұқа» аталымы бойынша Ұлттық байқаудың тікелей эфирін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Qazaq Aqbas мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда мал шаруашылығымен айналысатын кәсіби фермерлер үшін интернеттің тұрақтылығы мен жоғары жылдамдығы – Дала күні аясында ғана емес, күнделікті жұмыс барысында да аса маңызды. Әсіресе шалғайда орналасқан шаруашылықтар үшін бұл – шешуші фактор. Осы талаптарға дәл жауап беретін шешім – Starlink.

 

Көрме Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылындағы «Ақтық» агрофирмасының демонстрациялық алқабында өтеді (Астана қаласынан 20 км, Талапкер елді мекенінен кейін).

 

«Jańa Dala / Green Day» Дала күні форматы бойынша өткізілетін бұл форум 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және Қазақстандағы ең ауқымды демонстрациялық алаң ретінде танымал. Мұнда заманауи ауыл шаруашылығы техникалары, аграрлық технологиялар мен инновациялық шешімдер таныстырылады.

 

2025 жылғы көрмеге 20-дан астам елден 200-ден астам компания мен АӨК саласының 5 мыңнан астам кәсіби маманы қатысады деп күтілуде. Франция, Ұлыбритания және Нидерланды сынды алдыңғы қатарлы елдердің ұлттық павильондары таныстырылады.

 

Франция — көрменің ресми серіктесі ретінде қатысады. 

 

Көрме бағдарламасында:

  • Ет бағытындағы ірі қара мал тұқымдары бойынша Ұлттық байқау. «Jańa Dala / Green Day ‘2025» аясында «Ең үздік бұқа» аталымы бойынша Абсолют чемпион анықталады;
  • Стейк фестивалі — Black Angus, Qazaq Aqbas, QALMAQ Meat, Столичная трапеза компанияларының қатысуымен байқаулар мен мастер-кластар;
  • Ауыл шаруашылығы жануарлары көрмесі мен аукциондары: Ангус, Әулиекөл, Герефорд, Қазақтың ақбас және Қалмақ тұқымдары ұсынылады;
  • «Жәндіктер арқылы өсімдіктерді биологиялық қорғау» семинары аясында шмельдер демонстрациясы;
  • «Табысты гектар» байқауының нәтижелері мен тәжірибелік телімдердің таныстырылымы — микротыңайтқыш өндірушілер мен жеткізушілер арасындағы жарыс;
  • Қазақстан ветеринарларының алғашқы Құрылтайы (съезі) — ұйымдастырушылар: ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, «Қазақстан ветеринарлар палатасы» РҚБ, «Құс өсірушілер одағы» және республикалық мал тұқымдары палаталары;
  • Ауыл шаруашылығы дрондарының жұмысын көрсету;
  • Жол талғамайтын көліктер мен пикаптардың тест-драйвтары;
  • Плембұқалар аукционы;
  • 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы қалай өтеді? — Ақмола облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының түсіндірмесі.

 

«Jańa Dala / Green Day ‘2025» арнайы көрме-демонстрациясының ұйымдастырушысы — «EXPO TIME» компаниясы — Қазақстандағы АӨК саласындағы жетекші халықаралық көрмелер ұйымдастырушысының бірі.

 

________________________________________________

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов, 8 701 460 91 82

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

https://expotime.kz 

https://t.me/jana_dala 

https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

«JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ВЕТЕРИНАРЛАР СЪЕЗІНІҢ БАС ДЕМЕУШІСІ "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ" ЖШС / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР СЪЕЗДА ВЕТЕРИНАРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ТОО "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ":

ТОО "Асыл Кокше Зооветснаб"


BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


“ТИІМДІ ГЕКТАР” БАЙҚАУЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ / ПАРТНЁР «РЕНТАБЕЛЬНЫЙ ГЕКТАР» HECTA SCOUT:

HECTA SCOUT


ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕМЕУШІ / ИНФРАСТРУКТУРНЫЙ СПОНСОР B2B GROUP:

B2B GROUP


ФИРМАЛЫҚ СӨМКЕЛЕРДІ ҰСЫНУШЫ СЕРІКТЕС / СПОНСОР ФИРМЕННЫХ ПАКЕТОВ KAZAGROEXPERT:


"Восток-1" ЖШС және "Агрофирма Қарқын" ЖШС алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях ТОО «Восток-1» и ТОО «Агрофирма Қарқын»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ/ ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ AGNIY:


«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕ-ДЕМОНСТРАЦИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСІ / ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПАРТНЕР СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ ВЫСТАВКИ-ДЕМОНСТРАЦИИ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025»:

Информационное агентство "Интерфакс-Казахстан"

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2025 ExpoTime. All Rights Reserved.