27.06.2025 ж.
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қостанайда астық өндірушілер форумының
жаңа форматы талқыланды
Бес жұлдызды қонақүйлердің жайлы конференц-залдарынан — дала жағдайларына. Қазақстандағы астық өндірушілердің ауқымды форумы алғаш рет Қостанай облысындағы агроқұрылымдардың бірінің егістік алқаптарында өтпек.
2025 жылғы 31 шілдеде жаңа астық маусымы – 2025/26 жылдардың қарсаңында «Астық 2025» Халықаралық астық конференциясы өтеді. Іс-шарада алғаш рет астық, бұршақ және майлы дақылдарды, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен, өңдеумен және өткізумен айналысатын 500-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі бас қосады.
Астық конференциясы «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі-демонстрациясы аясында өтеді. Көрме 2025 жылғы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Степановка ауылындағы «Восток-1» ЖШС және «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алқаптарында өтетін Дала күні форматында ұйымдастырылады.
Осы маңызды өңірлік оқиғаларға байланысты Қостанай қаласында Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының АӨК мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Палата мүшесі-кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, қаржы институттары, сондай-ақ Астық конференциясы мен көрменің ұйымдастырушысы – «EXPO TIME» компаниясы қатысты. Жиын барысында іс-шараны ұйымдастыру, өңірлік агробизнестің қатысуы, АӨК саласындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне ақпараттық қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Отырыста Өзбекстанның ауыл шаруашылығы өндірушілері, атап айтқанда «Узёгмойсаноат» май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері «Астық 2025» конференциясына белсенді қатысуға ниетті екені айтылды.
«EXPO TIME» компаниясының басшысы Адилхан Сагимбаевтың айтуынша, астық конференциясының басты құндылығы – ол астық нарығының саясатын және ережелерін қалыптастыратын тікелей және негізгі өндірушілердің, шаруашылықтардың, агроқұрылымдардың бас қосатын алаңына айналатынында. Бұл жағдай қазақстандық және өзбек кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға үлкен септігін тигізуі мүмкін.
Сондай-ақ талқылау барысында барлық қажетті инфрақұрылым — конференц-залдар, павильондар мен тамақтану аймағы — тікелей егістік алқаптарында ұйымдастырылатыны атап өтілді. Бұл формат бұрын тек Астана мен Алматыдағы бес жұлдызды қонақүйлерде өтетін астық конференциялары үшін жаңалық болмақ.
«Астық 2025» қатысушылары нарықтағы трендтерді талқылап қана қоймай, сонымен қатар нақты астық өндірісі жағдайына еніп, өндіріс, өңдеу және экспорт саласындағы үздік әлемдік тәжірибелермен бөлісе алады.
Анықтама үшін:
«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі-демонстрациясы — бұл ауыл шаруашылығы саласындағы дәстүрлі іс-шара. Онда отандық және шетелдік агробизнес заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен жоғары өнімді техникасын, мал шаруашылығы мен селекциядағы жетістіктерді, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы инновацияларды көрсетеді.
Көрмеге 150-ден астам компанияның, сондай-ақ 3000-нан астам келушінің қатысуы күтіледі.
Көрме қатысушылары мен қонақтары қатарында — машина жасау кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушілер, отандық және шетелдік жеткізушілер, егіншілік пен өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың өкілдері, асыл тұқымды мал шаруашылығы мамандары бар.
Іс-шара бағдарламасына мыналар кіреді:
- заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен дрондарын көрсету;
- мал шаруашылығына арналған жабдықтар;
- жоғары өнімді және сапалы ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарымен танысу;
- Қазақстанның солтүстік облыстарының ветеринариялық мамандарының республикалық слеті;
- жол талғамайтын көліктердің тест-драйвтары мен авто-мото шоу және т.б.
________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы
Ринат Тасбулатов, 8 701 460 91 82
e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/
















