БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Jańa Dala / Green Day ‘2025» көрмесінде
үздік бұқаны халықаралық қазылар алқасы анықтайды
09.07.2025 ж.
Қазақстандағы «Jańa Dala / Green Day ‘2025» далалық күнінің ұйымдастырушылары мен етті ірі қара малдарының республикалық палаталарының бастамасымен көрменің «Мал шаруашылығы» бөлігіндегі байқауларға төрелік ету үшін АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстаннан танымал сарапшылар қазылар алқасына шақырылды.
Халықаралық деңгейдегі білікті мамандар Ангус, Әулиекөл, Герефорд, Қазақтың ақбас және Қалмақ тұқымды ірі қара малдары арасындағы үздік өкілдерді анықтауға қатысады.
Байқаудың басты интригасы – «Jańa Dala / Green Day ‘2025» көрмесі аясындағы Ұлттық байқаудың «Үздік бұқа» аталымындағы Абсолютті чемпионды анықтау. Бұл шешімді ет бағытындағы үш халықаралық сарапшы қабылдайтын болады:
Стефен Джонс (Stephen H. Jones) – асыл тұқымды мал шаруашылығында 35 жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар, әлемдегі беделді мамандардың бірі. Ангус, Герефорд, Австралиялық Лоулайн, Valais Blacknose, Австралиялық Ақ, Звартблес сынды тұқымдармен айналысқан. Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Мексика, Оңтүстік Америка, Австралия мен Еуропадағы фермерлік және селекциялық шаруашылықтармен жұмыс істеп, 70-тен астам елге мал, ұрық және эмбрион экспорттаған.
Фрэнк Грейвс (Frank Graves) – АҚШ-тан келген ет бағытындағы мал шаруашылығы бойынша халықаралық сарапшы. Бұл салада 33 жылдық тәжірибесі бар. Вирджиния штатының Ауыл шаруашылығы басқармасынан бастап, мал сату мен фермерлермен жұмыс жасаған. Телеаукцион мен интернет-сату жүйелерін енгізген жаңашыл. Канада, Қытай, Ресей, Түркия, Чехия елдерімен нарықтық жүйелерді дамытуға атсалысқан. Вирджиния мал өсірушілер қауымдастығынан марапаттары бар. АҚШ-тың Мал маркетингі және бағалау қауымдастығының бұрынғы президенті.
Светлана Серова – Ресейлік «Самараплем» АҚ бас директоры. Бұл компания мемлекеттік стратегиялық холдинг – «Ауыл шаруашылығы жануарларын өндірудің бас орталығы» құрамына кіреді. Ол сондай-ақ «СХЖ Генофонды» ұлттық қауымдастығы мен Қазақтың ақбас тұқымы селекционерлері қауымдастығының сараптамалық кеңесінің мүшесі.
Еске сала кетейік, Қазақстан АӨК саласындағы ең ірі көрмелік оқиға – «Jańa Dala / Green Day ‘2025» арнайы көрме-демонстрациясы аясында «Jańa Dala / Green Day ‘2025» үздік бұқа» Ұлттық байқауы өтеді.
Байқау жеңімпазына Бас демеуші – қазақстандық «АГРОТЕХМЕНЕДЖМЕНТ» компаниясы ұсынған жаңа YTO дөңгелекті тракторы табысталады.
Көрме мен байқау 2025 жылғы 17-18 шілде күндері Астана қаласынан 20 км жерде орналасқан Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нуресиль ауылы, «Ақтық» АӨК демонстрациялық алқаптарында өтеді.
2024 жылғы байқауда халықаралық қазылар алқасының шешімімен «Jańa Dala / Green Day ‘2024» үздік бұқа аталымының жеңімпазы Абай облысындағы «Дәурен» шаруа қожалығының Қазақтың Ақбас тұқымды «Шомбал» атты бұқасы болды. Олар «АГРОТЕХМЕНЕДЖМЕНТ» ұсынған YTO-ME404 тракторын жеңіп алды.
2024 жылғы вице-чемпион атағы мен 1 орынды Ақмола облысындағы «KazBeef» ЖШС-нің Ангус тұқымды «Stevenson» атты бұқасы иеленді.
2 орын — Қостанай облысындағы «Олжа Арыстан ПК» ЖШС-нің Герефорд тұқымды «Стильный» атты бұқасына берілді.
3 орын — Қостанай облысындағы «Москалевское» ЖШС-нің Әулиекөл тұқымды «Тополь» атты бұқасына бұйырды.
________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы
Ринат Тасбулатов, 8 701 460 91 82
e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
















