ЖАРИЯЛАУ
Asia Grains&Oils Conference in Tashkent бесінші рет қыркүйек айында Орталық Азия елдерінің астық, майлы дақылдар және логистика салаларындағы негізгі өкілдерін жинайды. Конференцияның мақсаты – қазіргі және әлеуетті серіктестермен жаңа 2025/26 маркетингтік жылындағы ынтымақтастық шарттарын талқылау.
Өтетін күндері: 17–18 қыркүйек
Өтетін орны: International Hotel Tashkent (Ташкент қ-сы, Әмір Темір даңғылы, 107А)
Ұйымдастырушылар:
- Inter Standart Consult (Өзбекстан)
- Expo Time (Қазақстан)
Бас серіктес: АПК-Информ Азия (Қазақстан)
Бұл шара дәстүрлі түрде Орталық Азиядағы жаңа астық маусымының басталуына арналған ақпараттық хаб қызметін атқарады.
Өзбекстанның бесінші жыл қатарынан таңдалуы кездейсоқ емес. Ел Қазақстаннан ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі импорттаушысы бола отырып, сатып алу көлемін тек Қазақстаннан емес, Қытай мен басқа елдерден де арттырып келеді. Сонымен қатар, Өзбекстан агроөнім экспортын да белсенді дамытып отыр. Осыған орай, халықаралық серіктестікті кеңейту қажет, ал Asia Grains&Oils Conference in Tashkent 2025 бұл мақсатқа арналған тиімді платформа болмақ.
Сонымен қатар, Өзбекстан Орталық Азия аймағындағы ірі логистикалық буын ретіндегі рөлін күшейтіп келеді.
Asia Grains&Oils Conference in Tashkent 2025 бағдарламасындағы басты тақырыптар:
- Ғаламдық экономикалық өзгерістер аясындағы Өзбекстан мен Орталық Азия өңірінің экономикалық әлеуеті
- Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылшаруашылық өнімдерінің сыртқы саудасын дамытудың логистикалық факторлары
- Қазақстан мен Өзбекстандағы ауа райы мен климаттың дәнді және майлы дақылдар өндірісіне әсері. 2025 жылғы өнім болжамы
- Өзбекстанның аграрлық саладағы Азия және Еуропа елдерімен сыртқы экономикалық байланысы. Экспорт географиясын кеңейту әлеуеті
- Дүниежүзілік және Орталық Азиядағы дәнді және бұршақты дақылдар нарығының үрдістері. 2025/26 маусымындағы өндіріс пен экспорттың перспективалары
- Майлы дақылдар, өсімдік майлары мен шроттар нарығы: 2024/25 маусымының алдын ала қорытындылары және 2025/26 маусымының болжамы
- Астық және май өңдеу саласындағы технологиялық даму мәселелері
Бұған дейінгі төрт конференцияда 20-дан астам елден 200-ден аса делегат жиналған болатын. Бұл — дәнді және майлы дақылдардың, қайта өңделген өнімдердің сатушылары мен сатып алушылары, логистика операторлары, сюрвейерлік және инжинирингтік компаниялар, жабдық жеткізушілері кездесетін алаң. Биыл ұйымдастырушылар қатысушылар аясын кеңейтіп, май, кондитерлік және құрама жем өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды да тартуда.
Сіздің компанияңызды да осы конференцияға қатысушылар қатарынан көргіміз келеді!
Құрметпен, ұйымдастырушылар.
📌 Барлық жаңалықтарды мына сілтемелерден қадағалаңыз:
https://www.apk-inform.com/ru/events
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/
https://www.instagram.com/apk_inform_asia/
















